13:50, 22 Тамыз 2014 | GMT +5
Қазақстанда жұмысшы мамандықтары бойынша колледжке түсу кезіндегі конкурс жойылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда жұмысшы мамандықтары бойынша колледжке түсу кезіндегі конкурс жойылады. Бұл туралы бүгін білім беру қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова мәлім етті.

«Техникалық және кәсіптік білім беруді кепілдендірудің қағидаттары айқындалды. Онда жұмысшы мамандықтары бойынша колледжге түсу кезіндегі конкурсты жою, бұл мақсаттарға жастарды қамтуды арттыру және мемлекеттік тапсырысты көбейту қарастырылған. Жұмыс 2017 жылға дейін кезең-кезеңмен жүргізіледі. Ағымдағы жылдың қыркүйегінде Парламентке енгізу жоспарланған заң жобасында аталған мәселелерді реттеу қарастырылған», - деді Г.Әбдіқалықова.