Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалар халықаралық рейтингтерді жасаушылардың оң бағасын алды

АСТАНА. Қыркүйектің 22-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалар халықаралық рейтингтерді жасаушылардың оң бағасын алды және жалпы алғанда, біздің экономикамыздың толықтай бәсекеге қабілеттігін сипаттайды.

Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалар халықаралық рейтингтерді жасаушылардың оң бағасын алды

 Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Дүниежүзілік банкпен жұмыс жасау бизнес ортаның жағдайына әсер етуге мүмкіндік береді. Жалпы алғанда, түпкі нәтижесінде бұл елдің бәсекеге қабілеттілігіне ықпал етеді, Қазақстанның басқа рейтингтерге қатысуы да осыны көрсетеді», деді отырыста Б. Сұлтанов.

Осы орайда министр  2009 жылғы мамырдың 20-сында Халықаралық менеджментті дамыту институтының Әлемдік бәсекеге қабілеттілікті зерттеу орталығы (Швейцария) елдердің бәсекеге қабілеттілігінің жыл сайынғы рейтингісінің 2009 жылғы қорытындыларын жариялағанын еске салды. «Сарапшылар әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 57 елін 329 өлшем бойынша бағалады. Бұл өлшемдер экономиканың жағдайын, Үкіметтің тиімділігін, бизнестің тиімділігін және инфрақұрылымның жай-күйін көрсетеді. Қазақстан Республикасы өткен жылмен салыстырғанда 3 позицияға көтеріліп, 36 орынғажайғасты.Қазақстан Ресейді (49 орын) 13 тармаққа және Украинаны (56 орын) 20 тармаққа басып озып жетекші позицияны иеленді. ТМД елдері арасында рейтингке Қазақстанмен қатар Ресей мен Украина да қатысты. Достастық елдері бұл рейтингке енгізілген жоқ», деді ол.

Сонымен қатар, Б. Сұлтанов Дүниежүзілік экономикалық форум рейтингісінің нәтижелері 2009 жылғы қыркүйектің 8-інде жария етілгенін айта келе: «Қазақстан өткен жылдың нәтижелерімен салыстырғанда бір позициясын жоғалтып, 67 орынға тұрақтанды. Ресей бірден 12 позицияға, яғни 51 орыннан 63 орынға түссе, ал Украина он позицияға төмендеп, яғни 72 орыннан 82 орынға сырғыды. ТМД елдері арасында Әзірбайжан бір жылда 18 позицияға көтеріліп, 51 орында тұр. Армения бұрынғы 97 орында тұрса, Тәжікстан 16 позицияға төмендеп, 122 орынға табан тіреді, ал Қырғызстан бір позициясын жоғалтып, 123 орынға жайғасты. Молдова статистикалық мәліметтердің болмауынан ағымдағы рейтингке енгізілген жоқ», деді.  

Б. Сұлтанов Үкімет қазіргі уақытта жиынтық рейтингті әзірлеу жөнінде жұмыс жүргізіп жатқанын, ол экономикамыздың мониторингке жататын проблемалы мәселелерінің бірыңғай жіктеуішін құруға және сыртқы рейтингтерге тәуелсіз өзін өзі объективті бағалауға ие болуға мүмкіндік беретінін атап көрсетті.