Қазақстанда жуырдағы 2 жылда ТКШ энергия тиімділігінің үш орталығы салынады

деп хабарлады ведомстовның баспасөз қызметі.
Жергiлiктi атқарушы органдар бүгiнгi күнге қажеттi жер телiмдерiн бердi және сәулетшiлiк-орналастыру тапсырмасы мен инженерлiк тораптарға қосылуға техникалық шарт жасалды. РКМ әзірлеген жоба-сметалық құжаттамасы мемлекеттiк сараптамадан өтуде, құрылыс-монтаждық жұмыстарды ұйымдастыру дайындалуда. Құрылысты бітіру жобалаған мерзімі - 2013 жылдың III тоқсаны.
Орталықтардың негiзгi қызметi ТКШ-ға энергия тиiмдi технологияларды енгiзуді және дамытуды көздейді, сондай-ақ конструкторлық және ғылыми зерттеулерді өткiзу, энергия сақтау жабдықтарын өткізу (сату), ТКШ саласындағы мамандарды оқыту және қайта оқыту және қуат үнемдеу саясатың насихаттау болмақ.
Ғимараттарда жылумен қамту, жылулық және электр энергиясын генерациялау үшiн арнайы технологиялар ескерiлген, энергия үнемдейтін жарық, сумен қамтуды автоматтандыру арнайы технологиялары, жылыту және ауа тазарту жүйелерi үшiн жылу сорғыштары, сонымен қатар жылу мен салқынды тәуліктік жинау қарастырылған, энергияны тиімді тереземен қаптау, желдету және барлық инженерлiк жүйелерді диспетчерлеу жоспарланған.
Әкiмшіліiк ғимараттар энергия тұтынуды жылына келесiдегідей есепке алумен жобаланады: Астана қ. - 28 кВт*с/м2, Алматы қ. - 16 кВт*с/м2 және Ақтөбеде - 25 кВт*с/м2
Жобаға негізінен қазақстандық компаниялардың қатысуы қарастырылған.