Қазақстанда жыл басынан бері 18 рет пойыз бен автокөлік соқтығысқан

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері пойыздың автокөлікпен соқтығысқан 18 оқиғасы тіркелді. 10 ай ішінде пойыз машинистері 3000-нан астам шұғыл тежеу қолданған. Темір жолда пойыздың адамдармен, автокөліктермен соқтығысуының алдын алған сәттер көрсеткіш бойынша 94 пайызды құрайды. Тәжірибе көрсеткендей, төтенше жағдайлардың дені көбі азаматтардың қауіпсіздік ережелерін сақатамауынан болады, деп хабарлады «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметінен.

Қазақстанда жыл басынан бері 18 рет пойыз бен автокөлік соқтығысқан

Адамдар теміржолдың қауіпті аймақ екендігін ескермейді: тиісті емес жерлерден өтеді, жолды өту барысында құлаққаптармен ән тыңдап, ұялы телефонмен сөйлеседі. Нәтижесінде пойыз машинистінің берген дабылын естімей, жақындап қалған құрамды байқамайды. «Локомотив» АҚ қызметкерлері жұртшылық арасында жүйелі түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Темір жол өтпелеріндегі жол қауіпсіздік ережелерімен таныстырып, қауіпті аймақтарда «Абайлаңыз, пойыз» акцияларын ұйымдастырады. Соған қарамастан, пойыз машинистері адам денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін жайттарға жиі ұшырасады. Жыл басынан бері 203 оқыс оқиға тіркелген. Онда 87 адам зардап шегіп, автокөлікпен соқтығысқан 18 оқиға тіркелген. Пойыз машинистерінің қырағылығы мен шұғыл тежеуді қолдануы қайғылы оқиғалардан құтқарды.