Қазақстанда жыл басынан бері 32 журналиске қауіп төнген
АСТАНА. 7 маусым. ҚазАқпарат - Соңғы бес айдың ішінде еліміздегі 150-ге жуық құқық қорғаушының өміріне қауіп төнді.
«Қадыр қасиет» қоғамдық бірлестігінің жүргізген зерттеуіне сәйкес, өз қызметі кезінде кәсіподақ өкілдері (49 адам) жиі зардап шеккен. Одан кейін қоғам қайраткерлері (33 адам), журналистер (32 адам), саяси қайраткерлер (19 адам), құқық қорғаушылар (8 адам), адвокаттар (6 адам) және дін қайраткерлері (2 адам) келеді.
Жалпы, сараптамалық зерттеу жұмысы барысында қауіп-қатердің 53 түрі анықталыпты.
Бұл туралы «Алматы ақшамы» басылымы 5 маусым күні шыққан санында жазды.