Қазақстанда жыл басынан бері ет өндірісі 7,8%-ға өсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылғы 8 ай ішінде мал шаруашылығы өнімдерінің жалпы мөлшері 1072,2 млрд. теңгені құрады, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметі.

Қазақстанда жыл басынан бері ет өндірісі 7,8%-ға өсті

2015 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда шаруашылықтардың барлық санаттағы өндірісі ұлғайды, оның ішінде, сойыс салмағы 3,1% (560,2 мың тонна), сүт - 3,3% (3 781,3 мың тонна), жұмыртқа - 0,4%-ды (3 185,1 млн. дана) құрады.

Агроқұрылымдарда өнім өндірісінің айтарлықтай өсімі байқалуда. Ағымдағы жылдың қаңтар-тамыз айына дейін ет өндірісі - 7,8% (229,7 мың. тонна), сүт - 15,8% (843,5 мың. тонна), жұмыртқа - 0,1% (2 289,9 млн. штук) артты.

Айта кетсек, қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі АӨК дамыту бойынша ЖШҚ әлеуетін пайдалануда. Аталған жоба ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтуға бағытталған.

3 жыл ішінде (2016-2018 жж) 75 мың адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету жоспарлануда.