Қазақстанда жыл басынан бері ҚР Кеден органдарының лауазымды тұлғаларына қатысты 81 қылмыстық іс қозғалды
АСТАНА. Қазанның 19-ы. ҚазАқпарат /Мұрат Жәкеев/ - Үстіміздегі жылдың 9 айында ҚР Кеден органдарының лауазымды тұлғаларына қатысты 81 қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Астанада өткізілген баспасөз мәслихаты барысында ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев хабарлады.
«Істердің жалпы саны бойынша 28-і сотқа жіберілді. Кеден органдары қызметкерлері тарапынан жасалған 69 жемқорлық қылмыс анықталды, сондай-ақ, 7 факті кеден органдарының лауазымды тұлғаларының пара алуына қатысты. 2009 жылы 252 қылмыстық іс қозғалды», - деп түсіндірді Е.Байтанаев.