11:55, 29 Тамыз 2014 | GMT +5
Қазақстанда жыл сайын 2,5 мың бала туа пайда болған жүрек ақауымен өмірге келеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда жыл сайын 2,5 мың бала туа пайда болған жүрек ақауымен өмірге келеді. Бұл туралы бүгін Астанадағы ІІІ Ұлттық кардиохирургтер конгресі аясындағы сұхбатында Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының балалар кардиохирургиясы бөлімінің меңгерушісі Дмитрий Горбунов мәлім етті.

«1000 тірі туған нәрестеге шаққанда жетеуі іштен жүрек ақауымен өмірге келеді. Бұл тұрғыда жыл сайын шамамен 2500-2800 операция жасау керек болады, яғни осыншама бала жылда бұндай індетпен туады», - деді ол.
Д. Горбуновтың сөзіне қарағанда, осындай дерті бар балалардың 40 пайызына операцияны өмірінің алғашқы жылында жасау қажет. Сонымен қатар бұл қатардағы сәбилердің жартысына аталған операцияны туғаннан кейінгі бірінші айда жасау керек.
«Егер де ота жасалмаса, онда олардың 90 пайызы өледі. Ең бастысы, бұл сәбилерге уақытылы дұрыс диагноз қою маңызды»,-деді ол.
Белгілі болғандай, бүгінде бұндай операцияға қажеттілік жоғары болып отыр. Осыған байланысты шұғыл оталар үшін орталық авиацияны пайдаланады.