Қазақстанда жылда сүт безі обырынан мыңға жуық әйелдің өмірі қиылады - ҚР ДСМ

АСТАНА. 23 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстанда жылда сүт безі обырынан мыңға жуық әйелдің өмірі қиылады. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Ажар Төлеғалиева мәлім етті.

Қазақстанда жылда сүт безі обырынан мыңға жуық әйелдің өмірі қиылады - ҚР ДСМ

«Бүгінде қатерлі ісік дертінен өлім-жітім әлемде ғана емес, сонымен қатар біздің елімізде де өзекті болып отыр. Әйелдердің өмірі негізінен сүт безі және жатыр мойны обырынан қиылып жатады. Бүгінде жыл сайын сүт безі обырына 4 мыңға жуық нәзік жандылар шалдығады. Осы індеттен жыл сайын бір мыңға жуық әйелді жоғалтамыз», - деді А. Төлеғалиева.

Осы орайда ол жалпы Қазақстанда онкологиялық дерттерден болатын өлім-жітім екінші орында екенін атап өтті.