Қазақстанда жылқы ауруы жоқ - ҚР АШМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан жылқы ауруларынан ада ел деп танылды. Бұл туралы бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының орынбасары Тұрсын Қабдулданов мәлім етті.
None
None

«Қазақстанның ветеринариялық қызметіне халықаралық эпизоотиялық бюросының екі сертификаты табысталды. Мамыр айының 22-27 мамыр аралығында 180 мемлекеттің қатысуымен Халықаралық эпизооттық бюроның (ХЭБ) 84-сессиясында Қазақстан осындай мәртебеге ие болды. Бұл - елімізде халықаралық ат спортын дамытуға, ат спортынан халықаралық жарыстарды өткізуге мүмкіндік бермек», - деп атап өтті ол.
Оның сөзі бойынша, «Жылқылардың африкалық мәліктен тазалығы туралы» атты бірінші сертификат ат спортын дамытуға құқық береді.
«Қазақстанда аусыл ауруын бақылау жөніндегі ресми бағдарламасы туралы» екінші сертификаты елімізде бақылау бағдарламасының халықаралық стандарттарға сәйкестігін растайды.

Соңғы жаңалықтар