Қазақстанда жылқы шаруашылығының дамуы жоспарланған көрсеткіштен асты - Аграрлық несиелік корпорация
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда жылқы шаруашылығын дамыту мақсатында «Құлан» бағдарламасы бойынша өткен жылы 393 қарыз алушы 3 698 млн. теңгеге қаржыландырылды, деп хабарлайды «Аграрлық несиелік коропрациясы» АҚ-ның баспасөз қызметінен.
Бұл қаражатқа 12467 бас жылқы, соның ішінде 11703 бие мен 764 тұқым айғыры сатып алынған.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің мастер-жоспарына сәйкес, 2014 жылы 10 000 бас төлдейтін мал сатып алу жоспарланса, ауыл шаруашылығы өндірушілері 11 703 бас сатып алған, бұл жоспардың 117 пайызын құрайды.
Бұл салада бағдарламаға қатысып отырған Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстары көш бастап тұр.