Қазақстанда жылу беру маусымының аяқталу мерзімі белгілі болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті Қазақстан бойынша жылыту маусымының аяқталу мерзімін жариялады.
Жоспар бойынша, ауа райының жылуына орай Жамбыл облысында 7 сәуірде, Павлодар, Ақтөбе облыстарында 10 сәуірде, Алматыда 8 сәуірде, Астанада және Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қызылорда облыстарында 15 сәуірде жылумен қамтамасыз ету тоқтатылады деп күтілуде.
Жылу беру маусымы ең ұзақ созылатын аймақтар: Ақмола, Қарағанды, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында (сәуірдің соңы, мамырдың басы) жалғасатын болады.
Қазіргі таңда Шымкентте және Кентауда жылу маусымы аяқталды.