Қазақстанда жылына 1 млн тонна полиэтилен шығаратын өндіріс ошағы құрылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов Мәжілісте өткен Үкімет сағатында жылына 1 млн тонна полиэтилен шығаратын өндіріс ошағы құрылатынын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Мұнай және газ өндіруші елдердің экономикасын әртараптандыру мұнай-химия өнеркәсібін құруға тікелей байланысты. Сол арқылы қосылған құн тізбегін ұзарту әлемдік үрдіске айналып отыр.

Мұнай-газ-химия бөлігінде бүгінде майлау материалдары, полипропилен, метил-трет-бутил эфирі, бензол және параксилол өндірілуде.

2021 жылы Шымкент қаласында қуаты 57 мың тонна октан күшейткіш қоспаларын өндіру зауыты іске қосылды. Сондай-ақ, Атырау облысындағы арнайы экономикалық аймақтың инфрақұрылымдық нысандары толығымен іске қосылды»,- деді ведомство басшысы.

Министрдің айтуынша, бұл бағытта тағы бірнеше жоба қолға алынбақ.

«Сонымен қатар, жылына шамамен 1 млн тонна полиэтилен шығаратын, жылына 1,25 млн тонна полиэтилен терефталат пен терефталат қышқылын өндіретін және жылына 186 мың тонна бутадиен өндіретін кәсіпорындар құру жобалары жоспарда бар»,- деді Болат Ақшолақов.

Сондай-ақ, Болат Ақшолақов 180 күн өткен соң сұйытылған газ бағасын қалай реттейтінін айтты.


Соңғы жаңалықтар