Қазақстанда жылына темекімен байланысты аурулардың салдарынан 25 мыңнан астам адам көз жұмады - дөңгелек үстел отырысы

амырдың 13-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Қазақстанда жылына темекімен байланысты аурулардың салдарынан 25 мыңнан астам адам көз жұмады. Бүгін Мәжіліс депутаты Динар Нөкетаева «Қазақстан заңнамасын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының темекіге қарсы күрес жөніндегі негіздемелік конвенциясына үйлестіру»

Қазақстанда жылына темекімен байланысты аурулардың салдарынан 25 мыңнан астам адам көз жұмады - дөңгелек үстел отырысы

атты тақырыпта өткен дөңгелек үстел отырысында осындай мәліметтер келтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Халық денсаулығы еліміздің басты байлығы және ол мемлекетіміздің басты мәселелерінің бірі. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің биылғы жылғы Жолдауында салауатты өмір салтын қалыптастыру азаматтардың өмір сапасын артырудағы маңызды мәселелердің бірі екендігін ерекше атап көрсетті. Өкінішке орай біз қазір елімізде темекімен байланысты жағдайдың қатты ушығып отырғанын мойындауымыз керек», деді депутат.

Ол келтірген мәліметтер бойынша елімізде 4,2 миллион азамат темекі шегеді. Сондай-ақ қазақстандықтардың темекіні тұтыну деңгейі соңғы жылдары күрт өсіп отыр. Соңғы бірнеше жылдың өзінде ғана трансұлттық темекі өндіретін корпорациялар әрбір қазақстандыққа күніне 7 темекі бере алатын жағдайға жеткен. «Өз кезегінде аталмыш жағдай елде темекімен байланысты аурулардың салдарынан көз жұматын азаматтар санын арттырды», деді халық қалаулысы.