Қазақстандағы 1,5 мыңнан астам гидротехникалық құрылыстың 300-ге жуығы қауіпті - ТЖМ

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Үкімет отырысында елдегі 1,5 мыңнан астам гидротехникалық құрылыстың 300-ге жуығы қауіпті екенін айтты, деп хабарлайды Kazinform.

ТЖМ
Фото: телеграм.онлайн/#@qr_tjm

«Елді мекендерді су басу себептерінің бірі гидротехникалық құрылыстардың ықтимал бұзылуы болып отыр. Қолда бар 1,5 мыңнан астам гидротехникалық құрылыстың 300-ге жуығы ықтимал қауіп төндіреді. Олардың көпшілігі халықты жергілікті құлақтандыру жүйелерімен жабдықталмаған. Осыған байланысты Су ресурстары және ирригация министрлігі мен әкімдіктер гидротехникалық құрылыстарды жергілікті құлақтандыру жүйелерімен жабдықтауы қажет. Су тасқынына дайын болмау салдарынан су басу проблемасы туындайды. Атап айтқанда, көлік қозғалысының үзілуіне және жекелеген елді мекендердің оқшаулануына әкеледі», - деді Сырым Шәріпханов.

Министр 1 қаңтарда ғана Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарының автожолдарын су шайып, көшелерді су басудың 2 фактісі тіркелгенін атап өтті. 

«Осыған байланысты Көлік министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп автомобиль жолдарын жобалау және жөндеу кезінде жаңа жолдарды құруды немесе қолданыстағы су өткізу құрылыстарының өткізу қабілетін арттыру қажет», - деді ол. 

Соңғы жаңалықтар