17:40, 29 Қаңтар 2025 | GMT +5
Қазақстандағы алғашқы АЭС 8 жылдың ішінде салынып бітуі мүмкін
АСТАНА. KAZINFORM – Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев БАҚ өкілдермен өткен баспасөз мәслихатында елдегі алғашқы АЭС-тің құрылыс мерзімін қысқаруы мүмкін екенін айтты.

- АЭС-тің бірінші блогын салуға қандай да бір сын-қатерлер кедергі келтірмесе, 10-12 жыл кетуі мүмкін.
Бірақ біз технология бір орнында тұрмайтынын түсініп отырмыз. Әлемдегі орташа мерзімдерді ескерсек, бірнінші блокты 8 жылдың көлемінде салып бітіру үшін ресми вендорлардың алдына мерзімді жылдамдату туралы мәселе қоя аламыз, - деді ол БАҚ өкілдерінің сұрағына берген жауабында.
Еске салсақ, үкіметтің кеңейтілген отырысынан кейін ақпан айынан бастап бензин, дизель, сұйытылған газ бағасы өсетіні мәлім болған еді.