Қазақстандағы алғашқы автожол тоннелі ашылуға дайын

ШАҚПАҚ БАБА. KAZINFORM — Түркістан облысы Шақпақ баба асуындағы еліміздегі алғашқы автожол тоннелінің ашылуы қарсаңында ауқымды оқу-жаттығу өтті. Аталған оқу-жаттығуға тоннельге қызмет көрсетуге жауапты мамандар, Түркістан облысы ТЖД, полиция қызметкерлері (100 адам мен 15 арнайы техника) жұмылдырылды.

туннель
Фото: Көлік министрлігі

Оқу-жаттығу барысында төтенше жағдайда орындалатын жедел іс-әрекеттер пысықталды.

Учения провели перед открытием первого в Казахстане автодорожного тоннеля
Фото: Көлік министрлігі

Осы орайда желдету, бейнебақылау, өрт дабылы және өрт сөндіру жүйесі сияқты тоннель қауіпсіздігінің негізгі жүйелерін сынауға ерекше назар аударылды. 

Аталған жүйелер құрылымның қауіпсіздік стандарттарын растай отырып, пайдалануға дайын екенін көрсетті.

туннель
Фото: Көлік министрлігі

Оқу-жаттығу кезеңдерінің бірі істен шыққан көлік құралын жедел сүйретуді пысықтау, сондай-ақ, жол-пайдалану техникасының қозғалысын ұйымдастыру тәртібі болды.

Түркістан облысы ТЖД мамандары жол қызметтері үшін нұсқама өткізіп, оның барысында төтенше жағдай туындағанда орындалатын іс-әрекет тәртібін түсіндірді.

жол
Фото: Көлік министрлігі

Оқу-жаттығу тоннельде төтенше жағдай туындаған кезеңде бүкіл жұмылдырылған қызметтердің жедел іс-әрекет дайындығын арттыруға ықпал етті.

Тоннель осы айда халық игілігіне пайдалануға беріледі.

тоннель
Фото: Көлік министрлігі