Қазақстандағы ең танымал есімдер — Азамат пен Аружан

адамдар
Фото: Александр Павский/Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — Ұлттық статбюро 2021 жылғы халық санағының қорытындысы бойынша Қазақстандағы ең танымал есімдер мен тектер туралы қызықты деректерді ұсынды. 

Қазақтар арасында ең танымал есімдер Азамат, Серік, Марат, әйелдерде — Аружан, Мадина, Динара.

Бір қызығы, Бақыт, Сәулет сияқты әйелдерге де ерлерге де тән есімдері бар 585 мың адам бар.

Жиі кездесетін үш қазақ тегіне Ахметов (56 мың), Серік (39 мың), Омаров (36 мың) жатады.

Сондай-ақ Қазақстанда атымен де, тегімен де аттас азаматтар саны аз емес.

Осы ретте Серік Ахметов (415) пен Айзере Серік (517) деген есімі мен тегі бірдей адамдар ең көп.

 

Соңғы жаңалықтар