2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

Қазақстандағы ең үздік қарауыл бастығы кім

АСТАНА. KAZINFORM — «Үздік қарауыл бастығы – 2026» атағын Алматы өкілі жеңіп алды, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.

Қазақстандағы ең үздік қарауыл бастығы кім
Фото: ТЖМ

Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті ұйымдастырған және еліміздің өрт сөндіру бөлімшелерінің үздік өкілдерін біріктірген «Үздік қарауыл бастығы» I республикалық байқауы өз мәресіне жетті.

Қазақстандағы ең үздік қарауыл бастығы кім
Фото: ТЖМ

Екі күн бойы қатысушылар кәсіби білімін, дене және арнайы даярлығын, практикалық дағдыларын, жағдайды жедел бағалау және күрделі жағдайда шешім қабылдау қабілеттерін көрсетті.

Қазақстандағы ең үздік қарауыл бастығы кім
Фото: ТЖМ

Жабылу және жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне төтенше жағдайлар вице-министрі генерал-майор Рамиль Камалов қатысты.

— Барлық кезеңнің қорытындысы бойынша «Үздік қарауыл бастығы» I республикалық байқауының жеңімпазы және «Үздік қарауыл бастығы — 2026» атағының иегері Алматы қаласы ТЖД № 15 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы Дәурен Есенғалиев атанды. Екінші орынды Абай облысының № 7 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы Төребай Оразғалиев иеленді. Үздік үштікті Павлодар облысы ТЖД № 6 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы Темірлан Жаныбеков түйіндеді. «Жеңіске деген жігері үшін» номинациясы бойынша арнайы жүлдеге Жетісу облысы ТЖД № 5 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы Сержан Молдахунов ие болды. Арнайы кедергілер жолағынан өту бойынша үздік нәтиже көрсеткені үшін арнайы марапат Қызылорда облысы ТЖД № 14 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы Ерасыл Өмірзаққа табысталды, — делінген хабарламада.

Қазақстандағы ең үздік қарауыл бастығы кім
Фото: ТЖМ

Республикалық байқаудың өткізілуі қарауыл бастықтарының теориялық, дене және практикалық даярлығын, сондай-ақ кәсіби шеберлігін жетілдіруге деген ынтасын арттыруға серпін береді.

Бұған дейін ТЖМ министрі Ақтөбеде шахтаға түсіп, қауіпті аймақтан шығу бағыттарын тексергенін жазғанбыз.