Қазақстандағы комплаенс қызметтеріне өзгерістер енгізілмек
АСТАНА. KAZINFORM – Коммерциялық бағдарланған ірі заңды тұлғаларда ғана сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметтерін құру мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл туралы Премьер-Министр Олжас Бектеновтың Сенат депутаттарының сауалына берген жауабында айтылған.
«Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға сәйкес 6 мыңнан астам сектор субъектісі жұмыс істейді. Олардың қатарында коммерциялық емес акционерліквазимемлекеттікк қоғамдар да бар. Атап айтқанда, 40-қа жуық жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы «коммерциялық емес акционерлік қоғам» нысанында жұмыс істейді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында аталған жоғары оқу орындарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комплаенс қызметтер немесе комплаенс-офицерлер жұмыс істейді. Сонымен қатар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (бұдан әріАгенттік) шағын мемлекеттік кәсіпорындарды осы тізімнен алып тастап, коммерциялық бағдарланған ірі заңды тұлғаларда ғана комплаенс қызметтерін құру мәселесін қарастыруда», -деді Олжас Бектенов.
Бұған дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын қабылдамаған басшы үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін екендігін жазған едік.