Қазақстандағы ұшақтарда интернет қашан қосылады

АСТАНА. KAZINFORM – ҚР Көлік вице-министрі Талғат Ластаев отандық әуе компанияларының ұшақтарында интернет қашан қосылатынын айтты.

Когда на борту казахстанских самолетов появится Wi-Fi
Фото: ans.kz

- Биыл елге жеткізілетін жаңа ұшақтарда, яғни Dreamliner 787 әуе кемелерінің бортында интернет болады. Сондықтан тиісті жұмыстар жүріп жатыр, - деді Т. Ластаев Сенатта тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Осы орайда ол жылдың аяғында немесе келер жылдың басында ұшақтарда интернет қосылатынын айтты. Бұл жаңа ұшақтар ішкі және сыртқы әуе рейстерін орындайды.

Бұған дейін биыл қазақстандықтар ұшақ бортында интернетті пайдалана бастайтынын жазған едік. Қазақстан аумағында Starlink салған gateway-станциялар арқылы спутниктік интернет көршілес елдерге де қолжетімді болады. Мысалы, Тәжікстанға трафик биыл беріледі. Келесі кезекте — Моңғолия мен Қырғызстан тұр.