Қазақстандағы журналистика факультеттерінің оқу бағдарламасын түбегейлі жаңарту керек – Министр

Балаева
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева елдегі журналистика факультеттерінің оқу бағдарламасы туралы пікірін білдірді.

«Министрлік 2024 жылы салалық журналистиканы дамыту жөніндегі жол картасы шеңберінде республика бойынша 14 жоғарғы оқу орны базасында курстар өткізеді. Сонымен қатар жалпы еліміздегі 30 журналистика факультетінің оқу бағдарламасын түбегейлі жаңарту керек деп есептейміз», - деді министр Қазмедиа орталығында министрліктің алқа отырысында.

Оның айтуынша, БАҚ саласында қабылданған маңызды құжаттар мен министрліктің жұмыс жоспары бойынша, контент сапасы мен мазмұнын жақсарту жұмыстары жалғасады.

Соған байланысты министрлік журналистердің кәсіби біліктілігін арттыру бойынша семинар-треннингтер, оқыту курстарын өткізеді.

«Жоспар аясында еліміздің барлық өңірлерін қамтып, журналистер үшін қазақ және орыс тілдерінде 40-қа жуық оқыту іс-шаралары өткізіледі. Соның ішінде фактчекинг, медиаэтика, киберқауіпсіздік және басқа да өзекті тақырыптар бойынша курстар өтеді», - деді А. Балаева.

Соңғы жаңалықтар