Қазақстандағы 15 тамызда өтетін маңызды шараларға шолу

None
None
НҰР-СҰЛТАН. Қазақпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпараттық агенттігі 15 мамыр күні Қазақстан қалаларында өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

Сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін «Жастар» сарайында білім беру саласының қызметкерлеріне арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді.

Сағат 11.00-де «Қазақстанның энергетика саласындағы валюталық міндеттемелерді табысты түрде қайта қаржыландыру» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді.

Сағат 12.20-да Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Қазақстанда бұқаралық спорт түрлерін дамыту» тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді.

Сағат 16.00-де Нұр-Сұлтан қаласындағы Үндістан Елшілігі Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасымен бірлесіп «Керемет Үндістан: керемет плюралистік мәдениет» атты фотокөрме ұйымдастырады.

Сағат 16.00-де Nomad City Hall комедия театрында жастар театрларының, студиялар мен шеберханаларының «Бақытты Билет» атты екінші халықаралық фестивалі өтеді. Фестиваль «Современник» халықтық жастар театры мен елорда әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылады.

АЛМАТЫ

Сағат 11.00-де Алматы әкімдігінің баспасөз орталығында «Бастау» және «Жас кәсіпкер» жобалары аясында «Алматы тұрғындарын тегін оқыту» тақырыбында брифинг өтеді.

Сағат 16.00-де Ә.Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер мұражайында Үндістанның тәуелсіздік күніне арналған салтанатты шара өтеді.

Соңғы жаңалықтар
telegram