13:56, 30 Желтоқсан 2011 | GMT +5
Қазақстандағы 2011 жылғы егін орағының қорытындысы шығарылды
АСТАНА. 30 желтоқсан. ҚазАқпарат - 2011 жылы көптеген ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігі едәуір артқаны байқалды, деп хабарлады ҚР статистика агенттігі.
Республикада 26 960,5 мың тонна дәнді және бұршақ дақылдары жиналды, оның 22 732,1 мың тоннасы ((84,3%) - астық. Картоп жинау 3 076,1 мың тоннаны, ашық алқаптардан көкөніс жинау - 850,0 мың тоннаны, майлы дақылдар - 1 141,9 мың тоннаны құрады.
Республикадағы дәнді және бұршақ дақылдары өндірісі жалпы көлемінің 29 пайыз түсімі Солтүстік Қазақстан және Қостанай, 25 пайызы - Ақмола облыстарының үлесіне тиеді. Ашық алқаптардан көкөніс - Оңтүстік Қазақстан облысында (республикалық көлемнің 25,5 пайызы), картоп - Алматы облысында (19,5 пайыз), күнбағыс - Шығыс Қазақстан облысында (51,6 пайыз) көбірек жиналған.