Қазақстандағы 9 қаланың ауасы жоғары деңгейде ластанған – комитет

АСТАНА. ҚазАқпарат – Еліміздегі 45 өнеркәсіптік қаланың тоғызында атмосфералық ауа жоғары деңгейде ластанған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингіде Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зұлфұхар Жолдасов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандағы 9 қаланың ауасы жоғары деңгейде ластанған – комитет

«Экологиялық мониторинг нәтижелері бойынша 45 өнеркәсіптік қала мен мегаполистен 9 қала атмосфералық ауаның ластануының жоғары деңгейіне жатады. Бұл – Астана, Алматы, Қарағанды, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Балқаш, Өскемен және Шымкент қалалары. Өткен жылы мұндай қалалардың саны 10 болды. Алайда, осы жылдың басында жоғары деңгейден орта деңгейге өткен Жезқазған қаласы тізімнен шығарылды», - деді Зұлфұхар Жолдасов.

Оның айтуынша, экологиялық жағдайға бизнес қауымдастықтары теріс әсер етіп отыр.