Қазақстандағы адам құқықтары саласындағы ұлттық іс-қимыл жоспарының таныстырылымы өтті

АСТАНА. Қыркүйектің 9-ы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Астанада «2009-2012 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары саласындағы ұлттық іс-қимыл жоспарының» таныстырылымы өтті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Таныстырылымға ҚР Мемлекеттік хатшысы- ҚР Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев, ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрғасы Сағынбек Тұрсынов, Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасының тұрақты өкілі Хаолянь Шу, сондай-ақ еліміздің мемлекеттік органдарының қызметкерлері мен шет елдің елшілері қатысты.

«Бүгін біз Орталық Азия, Шығыс Еуропа және Таяу Шығыс елдерінде тұңғыш рет дайындалып, қабылданған Адам құқықтары саласындағы ұлттық іс-қимыл жоспарының тұсаукесер рәсіміне жиналып отырмыз.

Адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары ең жоғары құндылық болып табылады деген Ата Заңымыздың басты қағидатын басшылыққа алып, құқықтық мемлекет құрып, қоғамымызда саяси татулықты, азаматтық келісімді орнықтырып келеміз»,-деді Қ. Саудабаев.

Мемлекеттік саясатта адам құқықтарына тұрақты түрде ерекше көңіл бөлініп отырғандығына тоқталған министр «Соның бірі, бүгін өздеріңіздің назарларыңызға ұсынылып отырған, яғни Елбасы 2009 жылғы мамырдың 5-інде мақұлдаған, адам құқықтарына қатысты ұлттық жоспар» деді.

Ұсынылып отырған ұлттық жоспар адам құқықтары жөніндегі заңнаманы,адам құқығын қорғаудың жүйесін, сондай-ақ халықтың өз құқықтары тұрғысында қорғану тетігі бойынша нақты қадамдарды қарастыратын топтастырылған бағдарлама болып табылады. Жоспардың тұжырымдамалық бөлімінде адамның азаматтық, саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени құқығына қатысты мәселесі талданған.

Соңғы жаңалықтар