Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Penal Reform International құқық қорғаушы ұйымының саяси мәселелер жөніндегі директорымен кездесті

АСТАНА. Мамырдың 25-і. ҚазАқпарат - Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров бүгін Астанада Penal Reform International (Халықаралық түрме реформасы) құқық қорғаушы ұйымының саяси мәселелер жөніндегі директоры Мери Мерфимен кездесті,
None
None

деп хабарлады Омбудсменнің баспасөз қызметінен.

А.Шәкіров қонақты түзету мекемелерінде отырған тұлғалардың құқықтарын қорғау саласында жүргізіліп жатқан жұмыстармен таныстыра келе, Уәкілдің жанында азаптау және адамды қорлайтын басқа да жазалау түрлерінің қолданылу фактілерімен айналысатын ведомствоаралық жұмыс тобының қызметіне тоқталып өтті.

Кездесу барысында тараптар сондай-ақ, түзету мекемелерінде тұрақты, тәуелсіз және тиімді бақылау жүргізуге, мемлекеттік органдар мен азаматтық сектордың пенитенциарлық мекемелердегі азаптау фактілерінің алдын алудағы мүмкіндіктері мен әлеуеттерін нығайтуға бағытталған «Азаптаулармен күрес: Қазақстанда Ұлттық превентивті тетік құру» PRI жобасының қорытындысын талқылады.

Соңғы жаңалықтар