03:32, 21 Маусым 2019 | GMT +5
Қазақстандағы ақбөкендер саны 55,5 процентке көбейді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2019 жылы әуеден жүргізілген есеп бойынша Қазақстандағы ақбөкендердің саны 334 400-ге жеткен. Бұл туралы ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Атап айтқанда, Бетпақдаладағы киіктер 111 500-ге көбейсе, Оралдағы популяциясы -217 000, ал Үстірттегі саны - 5 900.
Түз жануарларының өсімі өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 55,5 процентті құрады (2018 жылғы саны - 215 100 бас)»,- деп жазды Сәкен Ділдахмет.