Қазақстандағы АҚШ Елшісі Американың 50 штатында ет асуды сұрады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандағы АҚШ Елшісі Джордж Кролл таныстарымен АҚШ пен Қазақстан қарым-қатынасының 25 жылдығына орай ет асып, өзгелерге үлгі болды. Ол АҚШ-тың 50 штатынан ет асып суретке түсіріп жіберуді сұрады.

Қазақстандағы АҚШ Елшісі Американың 50 штатында ет асуды сұрады

«Елші Джордж Крол жанұясымен және Коммерциялық бөлімінің басшысы Пэт Кэссиди жиені Сарамен бірге Род-Айлендтте бірінші #beshintheusa дайындады! US KZ қарым-қатынасымыздың 25 жылдығын тойлау үшін бізге қосылыңыз, біз 2016 жыл бойы барлық 50 штаттағы бешбармақтың суреттерін жинаудамыз! Instagram-ға #beshintheusa фотосуретін салыңыз немесе beshusa@gmail.com-ға жіберіңіз. Ас дәмді болсын!», делінген Елшінің Фейсбукте жарияланған хабарламасында.