Қазақстандағы ақылы жолдардың 4 учаскесінен бюджетке 5,7 млрд теңге түседі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандағы ақылы жолдардың 4 учаскесінен бюджетке 5,7 млрд теңге түседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.
«Ақылы жолдардан 2021 жылы осынша мөлшерде алым жиналады деп жоспарланып отыр. Бұдан басқа, биылғы бірінші тоқсанда 5,8 мың шақырым жолға ақылы жүйе енгізіледі. Ал 2025 жылға дейін республикалық маңызы бар жолдардың тағы 5,2 мың шақырымы ақылы болады»,-делінген хабарламада.