Қазақстандағы алақол құрылыс компаниялары белгілі болды

АСТАНА. 9 сәуір. ҚазАқпарат - Қазақстан құрылыс салушылар қауымдастығы жылжымайтын мүлік нарығында жұмыс істейтін бірқатар жауапсыз құрылыс компанияларын анықтады. Бұл туралы аталған ұйымның баспасөз хабарламасында айтылады.

Қазақстандағы алақол құрылыс компаниялары белгілі болды

Атап айтқанда, қауымдастық жылжымайтын мүлік нарығында алақол ойыншылар пайда болғанын хабарлайды. Бұлар «Mainstreet», «Астана Құрылыс», «Өркен», «Азбука жилья», «Kaz Jordan Construction Company» құрылыс компаниялары болып отыр. Бұл ретте қауымдастық құрылыс ұйымын таңдау барысында 1 шаршы метрі үшін 1100 доллардан арзан болатын құрылыс бағасына назар аударуға кеңес береді. «Орташа нарық бағасынан төмен баға тәуекелдерді, материалдардың ықтимал қымбаттауын, инфляцияны, басқа да жоспарланбаған шығыстарды ескермейді. Бұдан бөлек, компания тарихына назар аудару қажет - оның қашан, қай жерде не салғанына, ол ғимараттың сапасы қандай болғанына, компанияның тәжірибесінің, өндірістік қуатының, банктегі несиелік желісінің бар-жоқтығына назар аудару қажет», деп есептейді ұйым өкілдері.