Қазақстандағы әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардағы 28 000 бенефициар «БОТА» қорының көмегін алады

АСТАНА. 1 қазанда «БОТА» қорының Әлеуметтік қызметтерді қолдау бағдарламасы (ӘҚҚБ) еліміздегі әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардағы балалар мен жастармен жұмыс істейтін барлық коммерциялық емес ұйымдарға (КЕҰ) 6-гранттық байқау жариялады.
None
None

Бұл туралы «БОТА» қоғамдық қорының баспасөз қызметінен хабарлады.  

Ұсынылатын гранттардың көлемі 290 000 теңгеден  7 250 000 теңгеге дейінгі соманы құрайды. Жобалар аналардың (ата-аналардың) және экономикалық әл-ауқаты төмен жастардың ана денсаулығына қатысты білімі мен машықтарын жақсартуға, мектепке дейінгі білім қызметтеріне қолжетімділік пен оның сапасын жақсартуға; ерекше қажеттіліктері бар балаларға, қиын өмірлік жағдайдағы балалар мен жастарға және жастардың әлеуетін жақсартуға ықпал етуге бағытталуы тиіс.

Әр байқау сайын ӘҚҚБ әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардағы балалар мен жастардың білімі, денсаулығы мен әлеуметтік қорғалуына қаржы салымының көлемін арттыруда. Осы уақытқа дейін өткен бес грант аясында «БОТА» қорымен 393 әлеуметтік жобаны қолдау үшін 1 миллиардтан астам теңге бөлген болатын. Байқау мен ӘҚҚБ қызметі туралы толық ақпаратты www.bota.kz сайтынан ала аласыздар.

Бүгінде осы жобалардың арқасында 28 000  қазақстандық қолдау алуда: ерекше қажеттіліктері бар 4 500-нан астам бала сауықтыру және интеграциялық жобаларға қатысады, 12 000 жас өздерінің әлеуетін дамыту үшін қолдау алып үлгерді, Қиын өмірлік жағдайдағы 10 000-нан астам бала мен жас қолдау мен қамқорлық алды, мектепке дейінгі білім бойынша 42 жоба жүзеге асырылып, олардың аясында әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардағы 1300-ден астам бала қамтылды.  

«БОТА» қорының қолдауға ие болған  «Сана-сезім орталығы» ҚБ Тараз қаласында ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жастарға әлеуметтік түзету орталығын құрды,  «Ақбота» ҚҚ Ақмола және Қарағанды  облыстарында (Аршалы, Шортанды аудандары, Көкшетау, Степногор және Шахтинск)  кәсіби бағыттау бойынша 5 ресурстық орталық ашты. «Психологиялық мәдениетті дамыту мен қолдау» ҚБ Көкшетауда деструктивті және суицидтік мінез-құлық тән жасөспірімдер үшін психологиялық қолдау орталығын құрды.  «Незабудка» ҚҚ Риддер қаласында мектеп жасына дейінгі 20 бала үшін отбасылық білім беру орталығын ашты, 100 отбасыға әлеуметтік-құқықтық және психологиялық-педагогикалық мәселелер бойынша кеңес береді.  

Соңғы жаңалықтар