Қазақстандағы алғашқы гематология орталығы Өскеменде ашылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өскеменде еліміздегі алғашқы гематология орталығы ашылады. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Біз бірегей гематология орталығын салып жатырмыз. Ол барлық әлемдік стандарттарға сай келеді. Қазақстанда гематология орталығы мүлдем жоқ. Біздің жерлестеріміз, балаларымыз емделу үшін әлемнің түрлі елдеріне барады. Бір науқасты емдеу ақысы 30-60 мың доллар аралығында болады. Бұл ең күрделі медициналық процедура. Біздің орталық молекулярлық-генетикалық зертханамен және діңгекті жасушаларды культивациялау зертханасымен жабдықталады», - деді Д. Ахметов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, ана мен бала орталығының ауруханасы үшін арнайы жабдық сатып алынды, ол қан анализі негізінде әйел ағзасының балалар ауырып қалуы мүмкін күрделі ауруларға бейімділігін анықтайды. Өткен жылдан бастап өңірде PACS жүйесінде жасанды интеллект енгізілді. Бұл рентгеноскопия, КТ және МРТ арқылы қатерлі ісік ауруын анықтауға мүмкіндік береді.

Д. Ахметовтың айтуынша, биыл денсаулық сақтау саласына 32 млрд теңге бөлінеді.


Соңғы жаңалықтар