Қазақстандағы алғашқы жоғары оқу орнында соғыс және еңбек ардагерлерімен кездесу өтті

None
None
АЛМАТЫ. Мамырдың 8-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыдағы Қазақтың Абай атындағы ұлттық педагогикалық университетінде соғыс және еңбек ардагерлерімен кездесу өтіп жатыр,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Университет ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Серік Пірәлиевтің айтуынша, Қазақстандағы алғашқы жоғары оқу орнынан Екінші дүниежүзілік соғыс басталған кезде майданға 57 студент аттанған. Кейін олардың қатары көбейіп, оқытушылар да әскерге алына бастайды. Сондай-ақ оқу орнының ғимараттары әскери мақсаттарға босатылып берілді және оқу бағдарламасы жеделдетіліп оқытылып, оқу мерзімі 3 жылға түсірілді.«Көптеген оқытушы-профессорлар майданда офицер ретінде саяси жетекші, взвод, рота, батальон командирі болып қызмет атқарды. Мәскеу үшін болған шайқаста ҚазПИ-дің аспиранты, батальонның саяси жетекшісі Мәлік Ғабдуллин Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды. Мұндай жоғары атаққа ерен ерліктері үшін Лесбек Жолдасов, Қанаш Қамзин, Құдайберген Сұрағанов, Рақымжан Тоқатаев, Ахмедияр Құсайынов, Сәду Шәкәрім сияқты өзге оқытушылар мен студенттер де ие болды. Сондай-ақ жүздеген оқытушы мен студенттер жоғары мемлекеттік наградалардың иесі атанды», деді университет басшысы.
Соңғы жаңалықтар
telegram