Қазақстандағы әрбір қар барысының өз аты болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандағы әрбір қар барысына ат беріледі. Бұл туралы Алматы зоопаркі директорының кеңесшісі Ержан Еркінбаев Инстаграмдағы парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Оның атап өтуінше, Қазақстанда қар барысы популяциясын қалпына келтіруді алдына мақсат еткен «Snow Leopard Foundation» халықаралық қоры өз жұмысын жандандыра түспек. Бұл ретте қор браконьерлер жаралаған барыстарды оңалту орталығын, оларды жабайы табиғатқа көбейтіп жіберуге арналған орын-жай салумен қатар жабайы аңды есепке алу әдістерін де күшейтпек.

«Бүгін фото-қақпан деп аталатын аппаратпен таныстым. Оның көмегімен әрбір барысты қадағалап, ID-төлқұжатын береміз және олардың өз аттары болады. Фото-қақпанның кез келгенінде сим-карта бар және ол суретті бірден кеңсеге жібереді», - деп жазады ол.

Ержан Еркінбаевтың жазуына қарағанда, Қазақстанда 100-ге жуық қар барысы болуы мүмкін. Ал фото-қақпанның не бәрі 15-і ғана өңірлерде орнатылған.

«Жазға дейін Зоология институтымен және Ұлттық паркпен бірге аталған аңды есепке алу мен қорғау шараларын күшейту үшін әдістеме әзірлеп, қажетті техниканы сатып алуға тырысамыз. бағдарламаны Нұрәлі Әлиев құрған қор қаржыландыратын болады», - деді ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

#snowleopardfoundation @snowleopard_kz начинает свою активную фазу работы. Мы ставим целью не только строительство реабилитационного центра для изъятых у браконьеров раненых барсов, строительство питомника для их разведения с дальнейшим выпуском в дикую природу, НО и усиление методов учёта и сохранения ирбиса в дикой природе. Сегодня я знакомлюсь с таким аппаратом, как ФОТО-ЛОВУШКА. Благодаря ей, мы отследим поголовье и присвоим ID пасспорта и имена каждому барсу! Оказывается, в каждой фото-ловушке есть сим-карта и она моментально передаёт изображение в офис! А ещё, вы знали, что у нас барсов на весь Казахстан, всего сотня (может быть), а фото-ловушек - всего около 15 в регионе?! До лета, постараемся совместно с Институтом Зоологии и Нац Парком разработать методику и закупить всю необходимую технику для повышения мер учёта и охраны этого животного. Программу будет финансировать Фонд, учрежденный Нурали Алиевым.

Публикация от Yerzhan Yerkinbayev (@yerkinbayev) 12 Янв 2019 в 9:15 PST

Соңғы жаңалықтар