Қазақстандағы әйелдер қауымы әрқашанда ел тұрақтылығының негізі болды ? Н. Назарбаев

АСТАНА. Наурыздың 5-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Қазақстандағы әйелдер қауымы әрқашанда ел тұрақтылығының негізі болды.
None
None
Бүгін Елордада өтіп жатқан Қазақстан әйелдерінің V форуымында сөз сөйлеген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Бүгінгі Қазақстан әйелдерінің форумында маңызды, пайдалы бастамалар жасалады деп ойлаймын. Бұлардың барлығы, Үкімет, Президент Әкімшілігі және өзге де тиісті мемлекеттік орган тарапынан мұқият қаралуы тиіс. Қазақстандағы әйелдер қауымы әрқашанда еліміздің тұрақтылығы мен ұлтаралық келісім негізі болды әрі солай болып қала береді. Әйелдер белсенділігі Қазақстанның дамуына үлкен үлес қосты, Тәуелсіздіктің барлық жылдарында мен осыны естен шығармай, айтып келемін. Сіздер де өздеріңіздің Президенттеріңізді тек сайлауда ғана емес, іс жүзінде қолдап келесіздер. Сондықтан да қоғамдағы тұрақтылық ең алдымен сіздердің еңбектеріңіздің жемісі», - деді Елбасы.
Соңғы жаңалықтар