Қазақстандағы Әзербайжанның жаңа елшісі тағайындалды
БАКУ. ҚазАқпарат - Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев Қазақстандағы Әзербайжанның Төтенше және Өкілетті елшісі лауазымына Рашад Мамедовті тағайындау туралы өкімге қол қойды.
Бұдан бұрын Р.Мамедов Ақтауда Әзербайжан бас консулы лауазымын атқарған.