Қазақстандағы банктер төрт айда 375 млрд теңге таза пайда тапқан

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2022 жылғы қаңтар-сәуір айларында банктердің таза пайдасы 375 млрд теңгені құрады. Бұл туралы ҚазАқпарат Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстандағы банктер төрт айда 375 млрд теңге таза пайда тапқан

«2022 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша банк секторының жеткілікті капитал қоры бар. Негізгі капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к1) – 18,1%, меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к2) – 21,8%, бұл жүйе бойынша орташа алғанда заңнамада белгіленген нормативтерден айтарлықтай асып түседі.

Сонымен қатар қаңтар-сәуір айларында банктердің таза пайдасы 375 млрд теңгені құраған. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,5%-ға төмен. Банк активтерінің рентабельділігі (ROA) 2022 жылғы 1 мамырда 3,5%-ды (2021 жылғы 1 мамырда – 2,9%), капиталдың рентабельділігі (ROE) – 28,7%-ды (2021 жылғы 1 мамырда – 22,4%) құрады», - делінген агенттік хабарламасында.