Қазақстандағы барлық басылымдардың интернеттегі сайты болмайынша, жаңа дүниелерді игере алмаймыз

АСТАНА. 4 ақпан. ҚазАқпарат - Қазақстандағы барлық басылымдардың интернеттегі сайты болмайынша, біз жаңа дүниелерге жете алмаймыз . Бұл туралы бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің алқа мәжілісінде министр Мұхтар Құл-Мұхаммед мәлім етті.

Қазақстандағы барлық басылымдардың интернеттегі сайты болмайынша, жаңа дүниелерді игере алмаймыз

Министр сөз арасында мәдениет саласының барынша ақпараттандырылуы, барынша инновациялануы тиістігіне тоқталды. Бұл әсіресе ақпараттық-телекоммуникациялық, медиатехнологияларға байланысты болып отыр. «Мәселен, жақында «News week» газеті өзінің ең соңғы баспа нөмірін шығарып, өзінің баспасөз өнімі ретінде шығуын тоқтатты. Демек, олардың барлығы алдағы уақытта тек интернет желісінде ғана дамиды деген сөз. Қазақстандағы барлық басылымдардың интернеттегі сайты болмайынша, біз жаңа дүниелерге жете алмаймыз», - деді М. Құл-Мұхаммед. Бұл ретте министр республикалық «Казправда» газетінің жаңарған сайтын үлгі ретінде атап өтті.