Қазақстандағы барлық ғылыми бағдарламалардың жобалары мен зерттеулер халықаралық сараптамадан өтуі тиіс - Н. Назарбаев
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Мен халықаралық сараптаманы енгізу жөніндегі ұсынысты толық қолдаймын. Барлық ғылыми бағдарламалардың жобалары мен зерттеулер халықаралық тәуелсіз сараптамадан өтуі тиіс. Біздің жұмыстарымыздың тұтастығын қамтамасыз ету үшін Ұлттық сараптама орталығын барлық ғылыми кеңестердің жұмыс органы ретінде анықтау керек. Ол сараптаманың ашықтығын, жариялылығын қамтамасыз етуі тиіс. Бұл да Ғылым туралы заңда жазылуы тиіс», деді Мемлекет басшысы кеңесте.
Сонымен қатар, Н. Назарбаев ғылыми-техникалық қызметтің басымды бағыттарын Қазақстан экономикасының даму басымдықтарымен үйлестіру қажеттігін атап көрсетті. «Барлық ғылыми жобаларды қайтадан қарастырып, қайтадан бекіту қажет. Ғылым мен ғалымдардың жұмысы мемлекеттің және біздің экономикамыздың көкейкесті мұқтаждықтарына мақсатталуы тиіс», деді Президент.