Қазақстандағы бораннан әдеттегіден тыс жылы температураға дейін (ФОТОРЕПОРТАЖ)

Республиканың солтүстік облыстарында желтоқсанның басында жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болды және желдің жылдамдығы 15-25 м/с-қа дейін күшейді.
Оңтүстіктегі облыстардың тұрғындары қысты жауынмен және жылы ауа райымен қарсы алды. Оңтүстіктегі ауа температурасы көпжылдық орташа көрсеткіштен 5-10º С жоғары болды.
Желтоқсанның ортасында елдің солтүстік, орталық және шығыс облыстарында қар жауып, боран болған аязды күндер қалыпты нормадан ауытқыған жылу күндермен алмасты. Астана, Қостанай, Көкшетау және Петропавл, Павлодар, Қарағанды қалаларының тұрғындары көктайғақ пен, солтүстік аумақтарға жат қардың еруінен жапа шекті. Ауа райының қолайсыздығы салдарынан жолдар да жабылды.
Қазақстанның оңтүстігінде де желтоқсан айында қар болмай, ауа температурасы шамадан тыс жоғары болды. Рекордтық көрсеткіш 13...18º С.
Желтоқсанның соңғы күндері солтүстік аймақтар тұрғындарының есінде ауа температурасының күрт төмендеуімен, қалың қардың түсуімен, желдің күшеюімен және түтеген боранмен есте қалды. Ауа райының қолайсыздығы салдарынан жолдар да жабылып, қар құрсауынан адамдар мен көліктер құтқарылып, шығарылды. Ауа райының қолайсыздығы ұшақтардың ұшуына да біраз қиындықтар кедергі келтірді....