Қазақстандағы БҰҰ-ның Даму бағдарламасымен бірлесіп, сот процесіне қатысушылар арасында әлеуметтік сауалнама жүргізіле басталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандағы БҰҰ-ның Даму бағдарламасымен бірлескен жоба аясында республика соттарында сот процесіне қатысушылар арасында әлеуметтік сауалнама жүргізіле басталды.
Басты мақсат - сот жұмысының сапасына азаматтардың сенімі мен қанағаттанарлық дәрежедегі деңгейін анықтау.
Зерттеу жұмыстарын тәуелсіз, үкіметтік емес ұйым, Құқықтық саясатты зерттеу орталығы республиканың 200 сотында азаматтарға сұрақ қою арқылы жүргізеді. Ұйымдастырушылар сауалнаманың сұрақтарын соттар жұмысын бағалаудың халықаралық өлшемдерін ескере отырып әзірлегенін айта кетуіміз керек. Іс-шараның мерзімі - ағымдағы жылдың мамыр айына дейінгі кезеңді қамтиды. Бұл шара барысында 12 000-ға жуық респондентке сауалнама жүргізілмек. Зерттеудің қорытындылары туралы деректерді судьялардың кеңейтілген кеңесінде баяндау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау көзделінген.