Қазақстандағы экономикалық белсенді халықтың жартысы «электронды үкімет» қызметтерін пайдалануда

Вице-министрдің айтуынша, «электронды үкімет» инфрақұрылымы арқылы 730 қызмет пен мен сервис іске асырылады, оның ішінде веб-портал арқылы 215 қызмет пен сервис қолжетімді.
«Портал қызметтерді алудың ең сұранысқа ие алаңдарының біріне айналып келеді. Мәселен, 2010 жылмен салыстырғанда электронды форматта қызметтерді алу 100 еседен астам артты, сонымен бірге тіркелген пайдаланушылар саны 160 есеге артық болды. Қазіргі кезде еліміздің экономикалық белсенді халқының 46 пайызы немесе 4,2 миллионнан астам адам порталдың пайдаланушысы болып табылады», - деді С. Сәрсенов.
Осы орайда ол электронды түрде қызметтердің қолжетімді болуына азаматтарға Электрондық сандық қолтаңбаның (ЭСҚ) ұсынылуы ықпал еткенін атап өтті. Жалпы, бүгінде 8,3 млн. ЭСҚ берілген екен.