Қазақстандағы ең басты ІТ-шаралардың бірі Cisco Expo-2012 конференциясының өтетін күні жария етілді

Бұл шара елімізде осымен тоғызыншы мәрте өтпек. Үш күнге созылатын конференция екі қалада, атап айтқанда, 9-10 қазанда Алматыда («Интерконтиненталь») және 12 қазанда Астанада («Рэдиссон») өтеді.
Cisco Expo-2012 бағдарламасы Cisco компаниясының жаңа технологиялар мен шешімдеріне арналады әрі Қазақстанның ІТ-қоғамдастығының барлық санатына бағытталған. Cisco мамандары мен әріптес компаниялар телекоммуникация саласындағы соңғы үрдістер жайында әңгімелеп, түрлі шешімдерді енгізу тәжірибелерімен бөліседі.
Соңғы жылдары Cisco Expo конференциясы қазақстандық ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласындағы ірі шаралар мәртебесіне ие болып, еліміздегі басты ІТ-оқиғалардың біріне айналды. Өткен жылы конференцияға желілік технологиялар саласының 550 кәсіби қызметкерінің басын қосып, еліміз мамандарының алдыңғы қатарлы технологияларға қызығушылығын паш етті.
Сisco Expo-2011 17 әріптес компания мен 17 медиа әріптестің қолдауымен өтті. 40-қа жуық технологиялық дәрістер барысында конференцияға қатысушылар Cisco компаниясының жаңа өнімдерімен танысып, желілік технология саласындағы өзінің біліктілігін арттыруға мүмкіндік алды.
Cisco Expo конференциясы Қазақстан, Ресей және Украинаны қоса алғанда бірқатар елде өткізіледі.