Қазақстандағы ең қауіпті жол бөлігі анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті 2017 жылдың алғашқы жартысындағы жол апаттылығы мен жарақаттану жағдайы туралы мәліметтерді ұсынды.
None
None

Комитеттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 6 айда республика жолдарында 7127 жол-көлік оқиғалары болған. Онда 9992 адам зардап шегіп, 738-і қаза тапқан. Өткен жылдың алғашқы жартыжылдығымен салыстырғанда, жол-көлік оқиғалары 10,7%-ке, зардап шеккендер саны - 10,3%-ке, мерт болғандар саны - 20,5%-ке азайған.

Жол-көлік оқиғаларының басым көпшілігі Алматы, Алматы облысы және Оңтүстік Қазақстан облыстарында болған.

Өлім-жітім жағынан Алматы облысы көш бастап тұр. Аймақ жолдарына 162 адам көз жұмған. Ең үлкен жол-көлік  оқиғасы Ақтөбе облысында тіркелген, онда 9 адам қаза болып, 16 адам зардап шеккен.

«Апаттылық картасы» көрсеткендей, Алматы қаласындағы Жандосов-Манас көшелерінің қиылысы Қазақстандағы ең апатты жол бөлігі болып танылды. Онда жыл басынан бері 9 жол-көлік апаты тіркеліп, 10 адам жарақаттанған.

Соңғы жаңалықтар