Қазақстандағы ең қымбат футбол клубтары - «Астана» мен «Қайрат»

АСТАНА. ҚазАқпарат - Соңғы жылдары Қазақстан чемпионатында бір-бірімен тайталасып, саф алтынға таласып жүрген «Астана» мен «Қайрат» еліміздегі ең қымбат клубтар болып табылады. 

Қазақстандағы ең қымбат футбол клубтары - «Астана» мен «Қайрат»

Бұл ретте transfermarkt.de деректеріне сүйеніп, екі клубтың жалпы нарықтық бағасы бір-бірімен шамалас деуге болады.

Ал үшінші орындағы «Ордабасы» клубы ойыншыларының жалпы нарықтық бағасы жоғарыда аталған екі клубтың жарты бағасына да жетпейді.

Бірақ қазір - қысқы трансфер кезі. Клубтарымыз өз құрамын толық жасақтап үлгерген жоқ, яғни әлі де толықтыра түседі. Ендеше, бұл көрсеткіштер өзгереді.

Жалпы, дәл қазір transfermarkt.de сайтында Қазақстан премьер-лигасындағы 12 команда сапында 282 ойыншы тіркелген. Футболшылардың орташа жасы - 27,2. Сырттан келген легионерлер саны - 75. Ал премьер-лигамыздың жалпы нарықтық бағасы - 95 миллион 730 мың еуро.


Дереккөз: Астана футбол федерациясы