Қазақстандағы ең үлкен көпірлердің бірі жөндеуден өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қалалықтарға қалтқысыз қызмет етіп келген Семей қаласындағы аспалы көпір 2018 жылы тұңғыш рет жөндеуден өтеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Бірегей нысан құрылымының кей бөліктері біршама тозған. Алдағы уақытта оларды қалпына келтіріп, жолдың асфальт жабындысын ауыстыру жұмыстары жүргізілмек. 

«Облыс әкімі Даниал Ахметовтің тапсырмасы бойынша мамандар көпірдегі жағдайды зерттеп, «ҚазжолҒЗИ» АҚ жабындының құрамы мен оның дайындау технологиясы бойынша қорытынды жасады. ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысы Мұрат Мұсатаев кеңейтілген аппарат отырысында хабарлағандай, алдын ала жүргізілген есеп бойынша жөндеу жұмыстарына 241 млн теңге, сонымен қатар өзгеріске түскен жікті қалпына келтіруге 173 млн теңге қажет. Жұмысты бастау 2018 жылға жоспарланып отыр», - деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

Ертістің екі жағасын жалғаған көпірді қазақстандық кәсіпорын қызметкерлерімен бірге жапондық «IHI» фирмасы мен «Аларко Алсим» атты түрік компаниясының мамандары салған еді. Көпірдің жалпы ұзындығы 1086 метрді құрайды. 2000 жылы пайдалануға берілгеннан кейін көпір біршама уақыт күтімсіз қалған.

Айта кетерлігі, Семей көпіріне ұқсас аспалы өткелдің әлемде небәрі 20-ға тарта түрі бар. Оның бірі Босфор бұғазы арқылы өтеді. Бұған қоса, жолдың жүретін бөлігіне Қазақстанда жоқ технология қолданылған. Сейсмикалық берік әрі бірегей көпір салу үшін қазынадан 100 млн теңге бөлінген еді.

Соңғы жаңалықтар