Қазақстандағы ең үздік деген фототуындылар анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қоры ұйымдастырған республикалық «Асыл мұра» фотобайқауының жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі

Қазақстандағы ең үздік деген фототуындылар анықталды

Байқау Қазақстанның жаңа көркем бейнелерін қалыптастыруды, патриотизмді нығайтуға ықпал ету мен халқымыздың дәстүрлерін насихаттауды көздейді.

Жарыс түрлі кәсіп иелерінің арасында қызығушылық туғызып, оған 18-35 жас аралығындағы мемлекеттік қызметшілер, кәсіби және әуесқой фотографтар, БАҚ өкілдері және студенттер қатысты.null 

Фотожұмыстардың көбі Астана, Алматы, Атырау, Қарағанды, Тараз, Көкшетау, Павлодар, Маңғыстау, Орал, Шымкент, Арқалық, Қызылорда, Ақтау сияқты қалаларынан, сондай-ақ Ақмола облысынан да келіп түсті.

«Байқауды өткізу барысында шығармашыл жастардың тарапынан үлкен қызығушылықты байқадық. Әділқазылар алқасының қарауына 200-ге жуық жұмыс келіп түсті. Біз төрт номинацияның атауын жайдан жай таңдап алған жоқпыз. Олар адам мен қоғам үшін маңызды мәселелерді қамтиды. Солардың ішінде әсіресе қазақстандықтардың күнделікті тыныс-тіршілігімен байланысты номинация қатысушылары өз жұмыстарын ерекше көрсете білді, яғни олар қарапайым әрі өміршең. Алдағы уақытта аталған байқаудың ауқымын кеңейтіп, фотографтардың көптеп қатысу жағын қарастырамыз»,- деді ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының атқарушы директоры Қанат Жұмабаев.

Төрт номинация бойынша өткізілген фотобайқауға еліміздің әр өңірінен барлығы 180-нен астам жұмыс келіп түскен Кәсіби фотографтардан құралған әділқазылар алқасы соның ішінен әр номинация бойынша ең үздік деген фотоны таңдады.null 

Сонымен республикалық «Асыл мұра» фотобайқауының жеңімпаздары:

Ерлан Омаров - «Астананың 20 жылдығы» номинациясы;
Алексей Попцов, Сайфуллин Фарид - «Күнделікті өмірдегі оқиға»;
Бақыт Сәтбек - «Тұлғалар»;
Максим Стадниченко - «Қазақстан халқының мәдениеті мен салт-дәстүрлері» номинациясы бойынша таңдалды.

«Байқауға екі номинация бойынша жұмыстарымды жібердім. Өзім Астанада тұрып, әр оқиғаның куәгері болып жүргендіктен қаланың өмірін, тұрмысын жақсы білемін. Ұсынған жұмыстарымның біреуі Астананың 20 жылдығына арналған Атырау облысының сыйға тартқан көпірінің төбеден түсірілген суреті. Екіншісі Ақ орданың көрінісінде түсірілген егіз баланың фотосы және қала күнгі мерекелік отшашудың фотосы. Байқау үшін фотоларды таңдау оңайға түспеді, дегенмен өзіме жақын деген суреттерді таңдауға тырыстым. Оның нәтижесін міне бүгін көріп отырмыз»,-деді байқау жеңімпазы, «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің фототілшісі.null 

Жеңімпаздар «Асыл мұра» конкурсының лауреаттары деп танылып, әрқайсысы 350 мың теңге ақшалай сыйлықтарға ие болды.

Еске салсақ, бұған дейін Елбасы қорының «Асыл мұра» республикалық фотобайқауын жариялағаны туралы хабардар еткенбіз.null null null null 

null