19:30, 23 Желтоқсан 2013 | GMT +5
Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуал қалыпты -ДСМ
АСТАНА. 23 желтоқсан. ҚазАқпарат - Биыл Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуал бірқалыпты. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінен хабарланды.

Министрлік мәліметтеріне қарағанда, биыл өткір респираторлық вирусты инфекциялар мен тұмауға шалдыққандар саны өткен жылғыдан 26,9 пайыз төмен. Эпидемиологиялық маусым басталғалы бері өткір вирус жұқтырған 200 589 оқиға тіркелген. Оның ішінде бір жасқа толмаған 23 мың 388 сәби мен 3327 жүкті әйел бар.
«Еліміз бойынша барлығы 1 342 685 адамға тұмауға қарсы екпе егілген. Оның ішінде вакцина 971 764 адам бюджет есебінен, 301 219 адам жұмыс берушінің есебінен салынса, 96 702 адам өз ақшасына ектірген», - делінген баспасөз баянында.