13:09, 01 Қазан 2015 | GMT +5
Қазақстандағы ескі көліктерді ешкім де тартып алмайды - Альберт Рау
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандағы ескі көліктер қолданыстан алынбайды. Бұл туралы бүгін Қазақстан машина жасаушыларының үшінші форумында барысында Инвестициялар және даму вице-министрі Альберт Рау мәлім етті.
«Мен көліктердің утилизациясы болатынын айтқан кезде, біреулер халықтан машиналарды алып қояды деген қауесетті таратқан көрінеді»,-деп тоқталды министрдің орынбасары.
Оның сөзіне қарағанда, жарамсыз ескі көліктерді иелері жол-патрульдік полициясынан тіркеуінен шығарғаннан кейін машиналарды қайда жіберетіндігін ешкім де білмейді. Олар әр жерде шашылып жатқандықтан, экологияны ластайды.
«Сондықтан да бұл автокөліктерді міндетті түрде утилизацияға жіберу керектігі түсіндірілді. Ал біреулер ескі көліктерді тартып алады деген қауесетті таратып отыр. Әрине, бұндайға жол берілмейтіні анық»,-деп түсіндірді А. Рау.